Zamira Tursynbay
Баламмен 1 аптадай жатып шықтым. Баламен ересек адам жатуы үшін алдын ала телефон арқылы жазылып қою керек екен. Қасында жататын ересек адамға керек негізгі құжаттар - флюра, бакпосев және микрореакция. Балаға барлығы тегін, ересек адамға күніне - 2500 тг жатын орын, тамақ ересек адамға берілмейді. Бірақ балаға деп берген тамақтары жеткілікті, печенье, сүт, шәй ала барса болды, ішінде тоңазытқыш, микротолқынды пеш, шәйнек, шкаф бар. Балаға берілетін процедуралар: массаж, ингаляция, солевая шахта (оның да дұрыс істеп тұрғаны - күмәнді), электрофорез, кислородный коктейль (140тг күніне), лфк жаттығулар. Бассейн тек 2 күн ғана болды. ЛОР, стоматолог, невропотолог қарауында болдық. Массаж сияқты негізгі ем шаралар 6 күндік екен. Сондықтан, егер бала ересек адаммен жататын болса, ол ем шаралар күнделікті жасалатындықтан, тек 6 күн жатып шығуға болады. Ал өзі жатқан балалар топтарға бөлініп, олар бұл емшараларды күнара алатындықтан, 12-14 күн жатады. Қызметкерлері мейірімді, сыпайы. Тек 2-3 тәрбиеші қорқыныштылау көрінді)) Күнделікті бөлмелерді тазалап тұрады. Жиһаздары ескілеу.
16.06.2022