Эбру Йылмаз
Керемет мектеп! Осы мектепті оқып бітірдім. Ең сүйікті мектептерімнің бірі. Ең біріншіден, мектептің білім сапасы, деңгейі жоғары. Жоғары білімді, сауатты мұғалімдер көп! Әсіресе Гүлшат апай (алгебра), Рахия апай (физика), Фарида апай (тарих), Дәмеш апай (орыс тілі), дене шынықтыру ағай ❤️ Ұстаздар жылы жүзді, қарапайым)
Мектепте оқып, жан-жақты, өнерлі болып шығуға болады. Жаратылыстану-математикалық бағыт болғанымен, музыкалық бағыты да бар. Домбырада және басқа да аспаптарда ойнауды үйретеді, музыкалық үйірмелер бар. Сабақтан тыс ағылшын тілі, робототехника, логика, актерлық шеберлік, би сынды қосымшалар да бар.
Мұғалімдердің оқушыға деген қарым-қатынасы сондай жылы. Сыныпта аз оқушы болғаннан соң ба, әр оқушыға көңіл бөледі, жақсы қарайды. Көптеген олимпиада, сайыстар мен жарыстар жиі өткізіледі.
Бір кемшілігі, көп оқушылар қазақша сөйлеуге ұялып, сөйлемейді. Соны дұрыстаса керемет болар еді. Бірақ, бұл бала тәрбиесі мәселесі, оған көбінесе ата-ана мән беріп, тәрбиелеп, үйретуі қажет.
Осындай керемет нағыз қазақ мектебін ашқан мектеп директорына үлкен алғыс білдіремін! Әрбір директор сіздей қарапайым, ақкөңіл болса ғой, шіркін! Сіздерге сәттілік, шығармашылық табыс тілемін!
22.11.2021